13.06.2013, 10:56 2751

Алматы-Бішкек автожолында жол апаты кезінде бес адам қаза болды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Алматы-Бішкек жолының 76-шы шақырымында, Самсы елдімекеніне жақын маңда болған, делінген онда.

Талдықорған. 13-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында бейсенбіге қараған түні Алматы-Бішкек жолында "Мерседес" пен "Вольво" жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Алматы-Бішкек жолының 76-шы шақырымында, Самсы елдімекеніне жақын маңда болған, делінген онда.

"Мерседестің" 22-жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, "Вольвомен" соқтығысқан.

"Апат салдарынан "Мерседес" жүргізушісі және ондағы төрт жолаушы сол жерде қаза болған, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ", делінген онда.

Қаза болғандар түгелдей Самсы тұрғындары, жастары 21-23 аралығында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны