31.08.2011, 12:16 6705

Алматыда 10 жасар бала футбол қақпасының астында қалып, мерт болды

Алматыда футбол алаңында оқыс оқиға салдарынан 10 жасар бала қаза тапқан.

Алматы. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда 10 жасар бала футбол қақпасының астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агеттігінің хабарлауыша, Алматыда футбол алаңында оқыс оқиға салдарынан 10 жасар бала қаза тапқан. Бұл туралы BNews.kz агенттігіне Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы, полиция капитаны Салтанат Изірбек хабарлаған.

"Қала аулаларының бірінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған Алматы ауданының тергеу-шұғыл тобы бұл үйдің ауласында футбол ойнауға арналған алаң бар екенін анықтады. Тамыздың 29 күні сағат 13.10-да қалалық лицейлердің бірінде 4-сыныпта оқитын сол үйдің тұрғыны аулада ойнап жүріп, футбол қақпасына өрмелеп шыққан, ал қақпа құлап кетіп, оны басып қалған", - деп баяндады С.Изірбек.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, тергеу аталған оқиғаны бақытсыз оқиға ретінде бағалады. Қылмыстық іс қозғалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны