13.12.2011, 11:59 3805

Алматыда 19 жасар қызды құлдықта ұстаған әйел ұсталды

Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "аталған азаматшаға жалақысы жоғары кеңсе-менеджерінің жұмысы уәде етілген. Іс жүзінде ол Алматының Иуезов ауданында орналасқан қонақ үйдің тар бөлмесінде қамауда отырған. Жұмыс беруші Г.-ны күшпен қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - деп хабарлады Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адам трафигімен күрес бөлімінің бастығы Танат Назанов, оның сөзі баспасөз хабарламасында келтірілген.

Алматы. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда 19 жасар қызды құлдықта ұстаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "аталған азаматшаға жалақысы жоғары кеңсе-менеджерінің жұмысы уәде етілген. Іс жүзінде ол Алматының Иуезов ауданында орналасқан қонақ үйдің тар бөлмесінде қамауда отырған. Жұмыс беруші Г.-ны күшпен қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - деп хабарлады Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адам трафигімен күрес бөлімінің бастығы Танат Назанов, оның сөзі баспасөз хабарламасында келтірілген.

Онда айтылғандай, жәбірленуші бір клиенттің ұялы телефонын пайдаланып, әкесіне өзінің қайда екенін айтып, әкесі полицияға хабарласқан.

"Жедел түрде оперативті-іздеу шаралары ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес, жәбірленушіні іздеуге ҰҚКБ тәжірибелі ізкесушілері мен "Арлан" бөлімшесінің сарбаздары тартылды. Екі сағат өткен соң тұтқынның қайда екені анықталып, ол жарты сағаттың ішінде босатылды", - деп атап көрсетті Т.Назанов.

ІІД ақпаратына сәйкес, қонақ үйде жыныстық қызмет көрсеткен тағы алты бойжеткен болған. Олардың бәрі жезөкшелікпен өз еріктерімен айналысқандарын айтқан.

Жеңгетай қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Изірге оған ҚР ҚЕ - адамды заңсыз түрде бас бостандығынан айыру бабы бойынша айып тағылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны