02.12.2011, 13:18 3301

Алматыда 2 балдық жер асты дүмпулері тіркелді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңсәріде Қырғызстан Республикасының аумағында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматы қаласында байқалды.

Алматы. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда 2 балдық жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңсәріде Қырғызстан Республикасының аумағында жер сілкінді, жерасты дүмпулері Алматы қаласында байқалды.

"2 желтоқсан күні, таңертеңгі сағат 6.24-те Қырғызстан (Балықшы қаласы/Рыбачье) аумағында жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі 10,5 энергетикалық қуатымен Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 91 шақырым жерде орналасты. MSK-64 бағаны бойынша қуаты 2 балл болатын жер асты дүмпулері Алматы қаласында байқалды. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер жоқ", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны