06.02.2012, 09:02 3582

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі, 5-ақпан күні, Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпуі сезілген.

Алматы. 6-ақпан. Kazakhstan Today Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі, 5-ақпан күні, Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпуі сезілген.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" МБ мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы 05 ақпанда 13 сағ. 10 мин. Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, энергетикалық санаты 13,2 болатын оның эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік батысына қарай 252 км қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулері Алматы қаласында MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді", - делінген таратылған хабарламада.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны