28.12.2009, 18:11 4029

Алматыда ақпараттық бейнепорталдың журналисі өлтірілді (толықтырылған)

Алматыда ақпараттық бейнепорталдың журналисі өлтірілді (толықтырылған)

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "Стан" атты ақпараттық бейнепорталдың журналисі өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1982 жылы туған журналистің пышақ жарақаттары бар мәйіті ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жетісу ауданындағы бір үйдегі пәтерден табылған.

"Қазір ІІД-де бұл қылмысты әшкерелеу үшін полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен арнаулы жедел тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.

"Иділ сөз" қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, журналист Саят Шүлембаевпен қатар ол бір бөлмесін жалдап алған пәтердің қожайыны да өлтірілген.

Тергеудің ресми жорамалы бойынша, кісі өлтіру оқиғасы журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес. Бейнепорталдың басшылығы да бұл жорамалды қолдап отыр. 28 жастағы С. Шүлембаев музыкалық-ойын-сауықтық айдарды жүргізген. Ол өз отаны - Семейде жерленеді.

Полицияның мәліметіне сәйкес, тергеу мүддесіне сай оқианың басқа егжей-тегжейі хабарланбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны