14.08.2013, 09:08 5118

Алматыда "Ақтөбе" футболшысы Эмиль Кенжисариев соққыға жығылды

"Ақтөбе" ойыншысы Эмиль Кенжисариев Алматыдағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөліміне түсті

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - "Ақтөбе" ойыншысы Эмиль Кенжисариев Алматыдағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Sports.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Футболшы 8 тамызда исландиялық "Брейдаблик" клубына қарсы өткізілген ойынға қатысып, Қазақстанға оралған соң бір-екі күн Ыстықкөлде демалмақ болған.

11 тамызда Эмиль Кенжисариев Алматыдағы ауруханалардың бірінде ес-түссіз жатқаны анықталды. Футболшы бастың самай бөлігінен ауыр соққы алған. "Ақтөбе" командасының дәрігері Алматыға ұшып келе жатыр. Қазір футболшының жанында туған ағасы отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны