25.05.2016, 17:57 8578

Алматыда алапат өрт ірі дәмхананы күлге айналдырды

Өрт ошағына 9 қабатты үйдіӊ жақын орналасуына байланысты 40 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы қызыл жалын 1200 шаршы метр аумаққа таралып үлгеріпті. Арагоста дәмханасынан өзге осы кешендегі ақша айырбастау орны да түгел өртеніп кеткен.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда алапат өрт тағы бір ірі дәмхананыӊ күлін қалдырды. Түнде басталған тілсіз жауды 80 адам теӊ таӊ ата әзер өшірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт ошағына 9 қабатты үйдіӊ жақын орналасуына байланысты 40 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы қызыл жалын 1200 шаршы метр аумаққа таралып үлгеріпті. Арагоста дәмханасынан өзге осы кешендегі ақша айырбастау орны да түгел өртеніп кеткен. Қожайындардыӊ айтуынша, қолма-қол ақшаны арнайы сейфке салып үлгермей, барлығы күлге айналған. Келген шығын көлемі қыруар екені сөзсіз. Ал дәмхана әкімшісі өрт сымдардыӊ қысқа тұйықталуынан шықты дегенге сенбей отыр, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Майра Кісенбаева, дәмхана әкімшісі:

-Жұмыс күні аяқталған соӊ залдардағы жарық сөндіріледі, ол толығымен электр қуатынан ажыратылады. Сондықтан өрттіӊ сымдардыӊ шығуы мүмкін емес. Түтінніӊ шыққанын байқаған күзетші өрттіӊ шатырдыӊ сыртында болғанын айтады. Сондықтан бұл қасақана жасалған әрекет болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны