05.12.2008, 15:35 1759

Алматыда "Алматыметроқұрылысы" аумағында жұмысшыны топырақ басып қалды

Алматыда "Алматыметроқұрылысы" аумағында жұмысшыны топырақ басып қалды

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Алматыметроқұрылысы" АҚ аумағында су құбырын тарту барысында жұмысшыны топырақ басып қалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

""Метроқұрылыс" аумағында "Сапа Құрылыс" мердігерлік ұйымы су құбырын тарту үшін жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте тереңдігі 2,5 метрлік шұңқырдың шеті опырылып, жұмысшыны үш текше метр көлеміндегі топыраұқ басып қалған. Жұмысшы ауруханаға жеткізілді", - деді Ю. Ильин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны