01.02.2012, 11:51 3112

Алматыда ассенизаторлық жұмыс кезінде екі адам мерт болды

Алматы қаласының Шаңырақ-2 ықшам ауданында канализациялық септикті тазалау кезінде екі адам қайтыс болып, бір адам жарақат алған.

Алматы. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда ассенизаторлық жұмыс кезінде екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының Шаңырақ-2 ықшам ауданында канализациялық септикті тазалау кезінде екі адам қайтыс болып, бір адам жарақат алған.

Тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз жағдайда үш адам шұқырға құлап кетіп, 26 және 20 жастағы екі жігіт қайтыс болып, тағы бір адам көміртек қышқылына уланып ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны