06.10.2010, 16:42 5980

Алматыда аты шулы қылмыскер ұсталды

Алматыда аты шулы қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қазан. Kazakhstan Today - Алматыда аты шулы қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматылық полицейлердің жүргізген арнайы іс-шаралары барысында аты-шулы 28 жасар қылмыскер ұсталып, оны тінту кезінде нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы тәркіленді",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

Оның хабарлауынша, ұсталған азаматтың көлігінің ішінен "Ф-1" гранатасы, шолақ мылтық және бір қорап оқ-дәрі тәркіленген. "Заңсыз қару сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп нақтылап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны