08.02.2011, 12:51 3230

Алматыда авиакеросиннің төгілуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар өз үйлеріне қайта бастады

Алматыда авиакеросиннің төгілуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар өз үйлеріне қайта бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда авиакеросиннің төгілуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар өз үйлеріне қайта бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "кешегі сағат 21.45-тегі жағдай бойынша екі цистернадағы қалған авиакеросин сорып алынған. Аударылып қалған екі цистернаны көтеру бүгінге жоспарланған".

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, авиакеросиннің төгілуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар өз үйлеріне қайта бастаған.

Оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алған. ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі тәулік бойы кезекшілік қызметін атқаруда.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2011 жылдың 6-ақпанында Алматыда жанармай құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, 385 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

19 сағат 23 минутта Алматының Түркісіб ауданында әуежайға алып баратын кіріс жолдан №119ТМ2УМ тепловозы орын ауыстырып жатқан кезде жанар-жағар май құйылған 4 цистерна жолдан шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалып, оқиға салдарынан авиакеросин төгілген.

"Оқиға салдарынан авиакеросин төгілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ ескерту мақсатында ең жақын 3 үйдің (бес қабаттық) 385 адамы қауіпсіз жерге көшірілді, оның 20-сы балалар", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны