02.04.2010, 17:41 3567

Алматыда автобус жүргізушісі бір әйелді соғып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі бір әйелді соғып кетті

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 56-шы бағытта қатынайтын автобустың жүргізушісі бір әйелді соғып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "36 жастағы Айжан "Атакент" көрме орталығының жанында орналасқан алаңмен оң бағытта өтіп бара жатқан. Сол сәтте "Дэу BS-900" маркалы автобус Иуезов көшесіне қарай солға бұрылған. Жүргізуші жаяу жүргіншіні аңдамай қағып кетті".

"Бас жарақаты және жамбас сүйегі сыну" деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген әйел алты сағаттан кейін жан сақтау бөлімінде жан тапсырды. Қазір анықтаушылар тексеру жүргізіп жатыр. Жол апатын шығарған кінәлі мен оқиғаның егжей-тегжейі бірқатар сараптамадан кейін анықталады. Ал әзірге автобус айыппұл тұрағына қойылды", - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасының бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұхтар Аманбеков.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері қоғамдық көліктердің қатысуымен 34 жол апаты шықты, соның ішінде автобус жүргізушілерінің кінәсіне байланысты 24 апат шыққан. Осы апаттардан 36 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны