16.07.2009, 15:02 2919

Алматыда автокөліктің салонынан 64 мың доллар ұрланды

Алматыда автокөліктің салонынан 64 мың доллар ұрланды

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда автокөліктің салонынан 64 мың доллар ұрланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Түріксіб ауданында Фучик көшесіндегі №29 үйдің жанында белгісіз біреулер сағат 19.00 мен 20.50 аралығында автокөлік салонынан ұрлық жасады", - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Оның айтуынша, тонаушылар 38 жастағы кәсіпкерге тиесілі "Субару Трибека" көлігінің оң жақ алдыңғы есігінің әйнегін сындыру арқылы 64 мың долларды ұрлаған. Қылмыстық іс қозғалып, тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны