13.01.2010, 10:09 1832

Алматыда балалардың қалалық клиникалық ауруханасындағы өрт салдарынан 26 адам эвакуацияланды

Алматыда балалардың қалалық клиникалық ауруханасындағы өрт салдарынан 26 адам эвакуацияланды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда балалардың қалалық клиникалық ауруханасындағы өрт салдарынан 26 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Бостандық ауданында Манас көшесіндегі №1 балалардың қалалық клиникалық ауруханасында бүгін сағат 01.28-де жан сақтау бөлімінде 3 шаршы метр аумақта күйікке шалдыққандардың палатасында "Климитрон" төсегі өртенді". 26 адам эвакуацияланды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 15 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 52 адамының күшімен 02 сағат 11 минутта сөндірілді.

Сондай-ақ, ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавловск қаласында кеше сағат 22.27-де Амангелді көшесіндегі екі пәтерлі жер үйде 20 шаршы метр аумақта үйдегі заттар мен шатыр өртенді. Өрт салдарынан 37 және 40 жастағы екі жігіт көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Өрт СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының күшімен 23 сағат 40 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны