25.10.2016, 21:41 13131

Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасағандар әлі табылған жоқ

Екі қаскөй таӊ алдындағы қарбалас кезінде қаланыӊ қақ ортасындағы бөлімшеге баса-көктеп кіріп, күзетшініӊ қаруын тарып алып кеткен. Дегенмен, дабыл дер кезінде қосылып, банкті тонап үлгермепті. Оқиға орнына дереу жеткен полицияныӊ көліктерін көріп, маӊайдағы тұрғындар да дүрлігіп қалды. Жаздағы терактіден кейін жүректері шайлыққан жұртты тәртіп сақшылары сабырға шақырып отыр

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Екі қаскөй таӊ алдындағы қарбалас кезінде қаланыӊ қақ ортасындағы бөлімшеге баса-көктеп кіріп, күзетшініӊ қаруын тарып алып кеткен. Дегенмен, дабыл дер кезінде қосылып, банкті тонап үлгермепті. Оқиға орнына дереу жеткен полицияныӊ көліктерін көріп, маӊайдағы тұрғындар да дүрлігіп қалды. Жаздағы терактіден кейін жүректері шайлыққан жұртты тәртіп сақшылары сабырға шақырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматыныӊ қақ ортасында орналасқан банкке жасалған шабуыл полициямен қоса маӊайдағы тұрғындарды да таӊатпай бір дүрліктіріп тастады. Оқиға сағат таӊғы 8-де болған. Ал ол кезде жұмыс әлі басталмаған екен. Сондықтан мұнда тек бірен-саран адам болыпты, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

- Қос бірдей қаскөй ғимаратқа дәл осы есік арқылы баса көктеп кірген. Сөйтіп, мұнда отыратын өзге мекемелерге тиіспей, кіреберісте орналасқан банк кеӊсесін көздепті. Осылайша, қаржы мекемесініӊ күзетшісіне тап беріп, оныӊ қару-жарағын қолды еткен.

Жұмысқа бүгін әдеттегіден ерте келген 27 жастағы күзетші қарақшыларға қарсылық көрсетіп, банктіӊ ішіне кіретін кілтті бермей қойыпты. Ойлары іске аспаған соӊ екі қаскөй оны оӊдырмай жаралаған.

Мырзатай Балтабаев, күзет агенттігініӊ директоры:

- Күзетші Қуаныш Нұрқалымов банктіӊ есігін кілттеп, залда орналасқан дәретханаға шыққан. Сол кезде оған шабуыл жасалыпты. Қызметкер қарсылық білдірген. Травматикалық тапаншаны қолданбақ болғанымен, қарақшылар тартып алған.

Сөйтіп, ақшасыз қалған екеу бірден із суытыпты. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жеткен. Ал мұны көріп маӊайдағы тұрғындар да үркіп қалды.

Елена Грибенюк:

- Жұмысқа келгенімде адамдар қаптап жүрді. Исіресе, қару асынған арнайы жасақ өкілдері мен тәртіп сақшылары өте көп болды. Біз алғашында түсінбей қалдық.

Таӊғы дүрбелеӊді кейбірі кезекті лаӊкестік деп ойлаған. Дегенмен, Ішкі істер министрі оқиғаға радикалдардыӊ еш қатысы жоқ деп отыр. Қазір осы жағдайға байланысты "Қарақшылық" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қарақшылармен арпалысқан күзетшіден де жауап алынуда.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бұл кәдімгі қарақшылық. Қылмыскерлер алдын-ала дайындалған. Банктіӊ жұмыс уақытын бақылап жүрген. Біз мәселеніӊ мән-жайын тексереміз.

Банк бөлімшесі қазір асқан сақтықпен жұмыс істеуде. Ал, мекемені тонамақ болған екеу әлі қолға түспеген. Сол үшін қала бойынша таӊертеӊнен бері арнайы операция жүріп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны