01.04.2009, 17:43 3151

Алматыда банктің қауіпсіздік қызметі жалған құжатпен клиенттің есепшотынан ақша алмақ болған адамдарды ұстады

Алматыда банктің қауіпсіздік қызметі жалған құжатпен клиенттің есепшотынан ақша алмақ болған адамдарды ұстады

Алматы. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда kaspi bankтің қауіпсіздік қызметі жалған құжатпен клиенттің есепшотынан ақша алмақ болған адамдарды ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2009 жылдың 26 наурызында банктің қауіпсіздік қызметі жалған құжатпен бір клиенттің есепшотынан ақша алмақ болған екі адамды ұстады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың бірі осы банктің қатардағы қызметкері болып табылады. "Алаяқтар ұсталмай тұрып банктің қауіпсіздік қызметі өзіндік тексеру жүргізудің нәтижесінде аталған заңсыз операцияның алдын алды", - деп хабарлайды kaspi bank.

"Қазіргі жағдаймен ұсталғандар құқық қорғау органына табысталды, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны