20.12.2006, 12:15 2971

Алматыда базарда өрт шығып, шығын көлемі 100 мың долларды құрады

АЛМАТЫ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыдағы "Тигрохауд" базарында өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне республика төтенше жағдайлар министрлігіндегі ақпарат көзі хабарлады.

Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан базарда 16-желтоқсан, сенбіде өрт шыққан. "Аула сыпырушыларға арналған қосалқы орын-жайда шыққан өрт артынан бутиктерге қарай ойысқан",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Өрт салдарынан төрт бутик өртеніп кеткен. Алдын-ала шығын көлемі шамамен 100 мың долларға бағаланып отыр. Қазір тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны