23.02.2010, 09:49 1170

Алматыда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттің салдарынан 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 4 адам зардап шекті

Алматыда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттің салдарынан 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 4 адам зардап шекті

Алматы. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттің салдарынан 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алмалы ауданындағы Дүйсенов көшесінде бүгін сағат 03.39-да бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр аумақта өрт шықты. Үйден 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт салдарынан екі ересек адам мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 04.53-те толық сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны