09.04.2010, 10:08 1712

Алматыда бетон өндіретін кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Алматыда бетон өндіретін кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда бетон өндіретін кәсіпорында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше Фурманов көшесінде бетон өндіретін "КазЯсман" ЖШС кәсіпорнында сағат 09.53-те демонтаж жұмыстары кезінде плита құлады. Соның салдарынан бетон араластыру қондырғысының 31 жастағы операторы қаза тапты".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, кеше Тараз қаласында да оқыс оқиға болды. "Сағат 15.08-де Құлжабаев көшесінде автокөліктің дөңгелегін ауыстару барысында 42 жастағы ер адам көлігінің астында қалды. Көлік домкраттан тайып кеткен. Ол оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны