25.04.2011, 10:55 1600

Алматыда бір әйел екі баласын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Алматыда бір әйел екі баласын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда бір әйел екі баласын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Каменка саябақ қауымдастығыдағы үйлердің бірінде болған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен сенбі күні сағат 15.00 36 жастағы әйел мен оның 6 және 11 жастағы екі ұлының денесі табылған. "Олардың үшеуі де отағасының аң аулайтын қаруымен атылған",- депатап өтті департаменттегілер.

"Белгілі болғандай, Г. есімді азаматша алдымен диванда ұйықтап жатқан екі баласын басынан атып, артынша өзін өзі атып өлтірген. Сонымен қатар, әйел туған-туыстарынан мұндай қадамға отбасылық ұрыстан кейін барғандығы туралы, жазып, кешірім сұраған хаты табылды",- түсіндірді ІІД.

Полицейлердің хабарлауынша, отағасы оқиға болған кезде жұмыста болған. Және де отбасы мүшелерінің өл денесін бірінші болып жұмыстан оралған отағасы тауып алған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото: upload.wikimedia.org.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны