26.09.2006, 09:55 3061

Алматыда бір әйел жолаушылар отарбасының астына түсіп қалды

АСТАНА. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда бір әйел жолаушылар отарбасының астына түсіп қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Жетісу ауданында Сүйінбай даңғылының бойында 25-қыркүйекте 9 сағат 34 минутта болған. 53 жастағы әйел белгіленбеген жерде темір жолды кесіп өтуге әрекет жасаған сәтте Астана-Алматы бағытындағы №4 отарбаның астына түсіп кетті.

Ийел оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны