05.02.2010, 10:56 1146

Алматыда бір ірі ЖШС-те болған үлкен өрттен екі адам зардап шекті

Алматыда бір ірі ЖШС-те болған үлкен өрттен екі адам зардап шекті

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда бір ірі ЖШС-те болған үлкен өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Рысқұлов көшесіндегі "Бельведере" ЖШС-де 4 ақпанда сағат 19.24-те 200 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өртті сөндіру барысында 40 және 24 жастағы жігіттер электрден жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 10 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 44 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны