06.04.2007, 09:45 1719

Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға №159 орта мектепте болған. Жоғарғы сыныптың 16 жастағы оқушысы сабақ кезінде "Перцовый шок" деп аталатын газ баллонынан газ шашып жіберген. "Улану белгілерімен 4 адам дәрігерлік көмекке жүгінді, олардың арасынан бір оқушы қыз ауруханаға жатқызылды, қалғандары ауруханаға жатудан бас тартты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына сәйкес, оқушы қыз орташа жағдайда ауруханадан шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны