11.06.2007, 10:59 1323

Алматыда бір үйде болған өрттен екі адам қаза тапты

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда бір үйде болған өрттен екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"11-маусымда 2 сағат 30 минутта екі қабатты қамыстан салынған үйде 50 шаршы метр аумақта еркек пен әйелдің мәйіттері табылды, олардың аты-жөні анықталған жоқ",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы үйде тұратын 10 адам басқа жаққа көшірілді. "Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 23 адам және 6 техниканың күшімен 5 сағат 35 минутта сөндірді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны