22.09.2010, 14:49 4910

Алматыда бірқатар тонау қылмыстарын жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды

Алматыда бірқатар тонау қылмыстарын жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД сілтеме жасай отырып.

Алматы. 22 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда бірқатар тонау қылмыстарын жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ІІД сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстандық 26 жасар күдікті Қазақстанда заңсыз жүрген. "Ол Аламаты қаласына көрші елдегі саяси жағдайдың ұшығуы кезінде келген. ІІД-нің берген мағлұматына сүйенсек, қылмыскер мұнда заңсыз жүрген өзінің жерлестерін тауып алып, біраз уақыт жеке құрылыс нысандарында жұмыс істеп ақша табады. Басында ол өз жерлестеріне көмектесіп жүрген, кейін жеңіл ақша табу жолында түнде кеш келе жатқан жалғыз-жарым азаматтарды аңдып, оларды тонауға кіріскен",- деп хабарлады Алатау аудандық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Қасым Ишіров.

Оның айтуынша, Соңғы оқиға бойынша ұсталушы түнгі он жарым шамасында "Болашақ" базарының маңында 23 жасар қызға шабуыл жасап, оны бетінен ұрып ақша және құжаттар мен үйінің кілті салынған қол сөмкесін алып қашқан.

"Орталық киім-кешек базары маңындағы бес-алты шолғыншы экипаждың бірі сол түнде жүрісі суыт еркекті байқап қалады. Күдіктіні тексеру кезінде одан әйелдің қол сөмкесі табылған және ол бұл жайында ештеңе түсіндіре алмаған. Сәлден кейін қалалық жедел кезекші сол аумақта бір қыздың тоналғандығы жайында хабарлаған", дейді Қ. Ишіров.

Жәбірленуші күдіктіні танып, полицияға арыз жазды. Ұсталушы уақытша қамау бөлмесіне қамалып, оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны