28.06.2010, 13:47 2723

Алматыда БМВ көлігінің жүргізушісі бесік арба жетелеген әйелді қағып кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Медеу ауданында БМВ көлігінің тізгінінде отырған әйел бесік арба жетелеген әйелді қағып кеткен.

Алматы. 28-маусым. Kazakhstan Today Алматыда БМВ көлігінің жүргізушісі бесік арба жетелеген әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Алматы қаласының құтқару қызметінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Медеу ауданында БМВ көлігінің тізгінінде отырған әйел бесік арба жетелеген әйелді қағып кеткен. 2009 жылы дүниеге келген бесік арбадаға қыз бала жедел жәрдем келгенше алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Құтқару қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жол апаты салдарынан бесік арбаны жетелеп келе жатқан әйел де зардап шеккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны