28.04.2010, 09:28 1225

Алматыда БМВ жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда БМВ жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда БМВ жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Алатау ауданындағы "Ұлжан-1" ықшамауданында Кольцевая көшесіндегі №637 үйдің қарсы алдында сағат 22.32-де БМВ жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, 51 жастағы әйел оқыс оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Атырауда Доссор - Құлсары тас жолының 79-шы шақырымында сағат 13.00-де "Ниссан" автокөлігі аударылды.

Соның салдарынан көлікте отырған 64 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны