18.05.2011, 14:37 3234

Алматыда болған дауыл салдарынан бір адам мерт болды

"17 мамыр күні сағат 19.31-де Алматы аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, секундына 10-13 метр жел тұрды. Дауыл салдарынан 33 ағаш, бір қоршау құлап, 22 үйді су басқан, 31 жерде электр желілері үзілген, деп толықтырады хабарламада.

Алматы. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда болған дауыл кезінде бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кеше кешкілік Алматыны алапат дауыл соқты. Қатты жел электр желілерін үзіп, ағаштарды түбірімен қопарып тастаған. Соның бірі жазғы дәмхана шатырына құлап, салдарынан бір жас жігіт көз жұмды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"17 мамыр күні сағат 19.31-де Алматы аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, секундына 10-13 метр жел тұрды. Дауыл салдарынан 33 ағаш, бір қоршау құлап, 22 үйді су басқан, 31 жерде электр желілері үзілген, деп толықтырады хабарламада.

Ауа райының күрт бұзылуынан Медеу ауданында төтенше оқиға болды, қаза тапқандар бар.

"Алматы-Медеу автожолының ауданында экологиялық қосын мен "Беладжино" мейрамханасының арасында жазғы демалыс шатырына ағаш құлап, 1987 жылы туған ер адам қаза тапты, 1989 жылы туған бойжеткен 12 қалалық аурухана жеткізілді".

Медеуге барар жолда автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. "Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Горной көшесінің бойындағы "Самал" мейрамханасының ауданында 84 ағаш құлаған", - делінген ТЖМ ақпараттарында.

Төтенше жағдайды жоюға 216 адам, 81 техника, соның ішінде Алматы қаласы ТЖД-нің жеке құрамындағы 93 қызметкері мен 15 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны