22.05.2012, 12:46 3032

Алматыда болған көлік апатынан 3 адам мерт болды

Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда бір жүргізушінің қылмыстық селқостығы 3 адамның өліміне әкеп соқтырды.

Алматы. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда болған көлік апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда бір жүргізушінің қылмыстық селқостығы 3 адамның өліміне әкеп соқтырды.

Апат қала орталығында кешке қарай орын алды. "Даймлер Бенц-500" маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қатарынан екі көлікпен соқтығысты. Алдымен ол жолдың шетінде тұрған "Мазда-323" көлігіне барып соғылды, оның ішінде 3 жолаушы - ер адам мен 2 әйел болған. "Даймлер" көлігінің жылдамдығы жоғары болғандығы соншалық, ол қарсы келе жатқан тағы да бір "Мазда-626" көлігімен соқтығысты. Абырой болғанда бұл көліктің ішінде жүргізушіден басқа ешкім болмады. "Мазда-626"-ның жүргізушісі жарақаттанған жоқ. Жәбір көргендердің барлығы ауыр жағдайда аурухаға жеткізілді. Алайда 3 жолаушы таң ата көз жұмды", - деді Алматы ІІД жол полиция басқармасы басшысының орынбасары, полковник Тұрысхан Матқұлов.

Полиция қызметкерлері жағдайды тексеру барысында тек бір жолаушының жеке тұлғасын анықтады. Ол 28 жастағы - алматылық азамат. Оның жанында болған әйелдердің жеке құжаттары болмады. Болжам бойынша олардың біреуі 20-25-те, екіншісі шамамен 30-35 жаста, жүктіліктің 6 айында болған. "Мазда-323" маркалы көліктің жамбас сүйектері сынған жүргізушісі ауруханада ем қабылдауда. Жол-көлік апатына кінәлі азамат ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Қайғылы оқиға "Даймлер Бенц" маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісінің қылмыстық селқостығынан болды. Ол көлікке мас күйінде отырып, жол ережесін өрескел бұзған. Бұл көлік Қырғызстанның мемлекеттік нөмірінде болғандықтан, Алматының жол полиция органында тіркелмеген. Барлық көліктердің жылдамдығын бақылайтын органның арнайы мәліметтер базасында бұл көлікке қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Сондай-ақ бұл көлік Алматыда техникалық бақылаудан өтпеуі мүмкін", - деді полковник Матқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны