11.01.2012, 15:14 3551

Алматыда болған көлік апатының салдарынан екі адам мерт болды

Алматыда Абай даңғылы мен Тұрғұт Озалы көшесінің қиылысында 10 қаңтарда сағат 21.00 шамасында екі Тойота автокөлігі бір-бірімен соқтығысып, апат салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қаза болды.

Алматы. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда болған көлік апатының салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда Абай даңғылы мен Тұрғұт Озалы көшесінің қиылысында 10 қаңтарда сағат 21.00 шамасында екі Тойота автокөлігі бір-бірімен соқтығысып, апат салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қаза болды.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, ол Абай даңғылы бойымен бұрылыс жасап келе жатқан. Бұл уақытта даңғыл бойымен жылжыған бірде-бір автокөлік болмапты. Кенеттен көзді ашып-жұмғанша ол өз автокөлігіне бір машинаның соғылғанын сезеді. Тоқтағаннан кейін "жан түршіктірерлік жол апатының болғанын" көрген.

Болжам бойынша, Тойота Камри жүргізушісі Тұрғұт Озалыдан Абай даңғылына бұрылып келе жатқан, сол сәтте оған аса жоғары жылдамдықпен Тойота Марк ІІ автокөлігі соғылады.

Соққының күшті болғаны соншалық, оң жақ шеті толық жапырылып, табалдырығы салонға кіріп кеткен Камри 180 градусқа айлып кеткен. Осынау қорқынышты апаттың салдарынан Тойота Камри автокөлігінде отырған екі жолаушы қыз қаза болып, бір ер адам, жасы келген әйел мен көлікті басқарған қыз және кішкентай бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Тойота Марк II автокөлігінде жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Тергеу барысы аталмыш ЖКО-ға кінәлілерді анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны