14.09.2011, 10:30 3390

Алматыда Car City сауда орталығы өртеніп жатыр

Сауда орталығы қызметкерлерінің айтуынша, сағат 4.55 сауда үйінің жертөлесінен түтін шыға бастаған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылған.

Алматы. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Car City сауда орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сауда орталығы қызметкерлерінің айтуынша, сағат 4.55 сауда үйінің жертөлесінен түтін шыға бастаған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылған. Қазіргі кезде ғимарат қоршауға алынып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрттің әлі сөндірілмеу себебін қалалық төтенше жағдайлар қызметі қатты қою түтіннің кедергі болуымен түсіндіріп отыр. Сауда орталығы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, қою түтін автокөлік шиналары мен мотор майларының жануынан шығуы мүмкін. Өйткені жертөледе негізінен осы тауарлар сатылады.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің болжамынша, жанып жатқан алаң 100 шаршы метрге жуық. Төтенше жағдайлар департаменті шығу себебі өрт ауыздықталған соң барып анықталатындығын айтып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Car City Алматыдағы автобөлшектер сататын ең ірі сауда орталығының бірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны