03.12.2008, 17:35 2971

Алматыда дәмханадағы жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті

Алматыда дәмханадағы жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті

Алматы. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дәмханадағы жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

"Дәмханада жұмыс істейтін 25 - 30 жас аралығындағы әйел қаза тапты, оған қатысты мәліметтер анықталып жатыр", - деді Ю. Ильин.

Ол, сондай-ақ, жарылыстан кейін түрлі жарақаттармен 12 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, деді.

Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйге жапсарластыра салған дәмханадағы жарылыс салдарынан тұрғын үйге зақым келген-келмегенін анықтау үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны