03.12.2008, 18:04 3067

Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер әлі де ауруханаға жеткізілуде

Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер әлі де ауруханаға жеткізілуде

Алматы. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер әлі де ауруханаға жатқызылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Сергей Дыринға сілтеме жасап.

"Қазір ауруханада 13 адам жатыр. Тізім нақтылану үстінде. Өйткені, жарылыс салдарынан жанама зардап шеккендердің де болуы мүмкін. Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, тізім нақтылану үстінде, адамдар көмек сұрап әлі де келіп жатыр", - деді С. Дырин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда дәмханадағы жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Юрий Ильин хабарлады.

"Дәмханада жұмыс істейтін 25 - 30 жас аралығындағы әйел қаза тапты, оған қатысты мәліметтер анықталып жатыр", - деді Ю. Ильин.

Ол, сондай-ақ, жарылыстан кейін түрлі жарақаттармен 12 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, деді.

Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үйге жапсарластыра салған дәмханадағы жарылыс салдарынан тұрғын үйге зақым келген-келмегенін анықтау үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны