04.12.2008, 10:28 1601

Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті

Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті

Алматы. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше Тимирязев көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйге жапсыра салынған және осы үйдің жертөлесін иемденген дәмханада сағат 13.20-да 50 литрлік екі газ баллоны жарылып, оның арты 60 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты.

Жарылыс салдарынан 22 жастағы қыз оқиға орнында қаза тауып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Өртті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі сағат 15.06-да сөндірді.

Төтенше оқиғаның зардабын жоюға осы сала бойынша қызмет атқаратын мекемелердің барлығы 20 техникасы мен 79 адамы жұмылдырылды.

Алматы қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, жарылыс салдарынан үйдің бірінші қабаты мен подвалдың арасындағы жабын мен әйнектелген қабырға қирады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны