12.06.2007, 18:15 2798

Алматыда екі адамды өлтірді деген күдікпен ақыл есі ауысқан еркек ұсталды

АЛМАТЫ. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда екі адамды өлтірді деген күдікпен ақыл есі ауысқан еркек ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, мамырдың аяғында 1-ші ықшамауданында орналасқан үйдегі пәтерден 41 жасар еркек пен 24 жасар қызының өлі денесі табылған болатын. "Сараптама олардың денесінен көптеген пышақ жарақаттарын анықтаған",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің айтуынша, тонау мақсатында адам өлтіру болжамы екінші сатыда қалған, себебі пәтерден ештеңе жоғалмаған. "Сараптама нәтижесінен кейін және де бірқатар жедел шаралардан кейін полицейлер жәбірленушілердің отбасына жақындығы бар туысының ізіне түскен",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Тергеу барысында, сол күні 34 жасар еркек немере ағасының үйінде қонақта болғандығы белгілі болды. "Болымсыз ұрыстан кейін ол туысқан қарындасына, сосын немере ағасына пышақ жұмсаған, екеуі де қылмыс болған жерде көз жұмған",- деп атап өтті полицейлер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, күдікті соңғы үш жыл тұрған "Тастақ" ықшамауданындағы тұрғын үйдің шатырынан ұсталды. "Үй-күйсіз еркек қалалық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, оған шизофрения диагнозы қойылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қандай бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны