18.09.2008, 09:45 1444

Алматыда екі балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді

Алматыда екі балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді, құрбан болғандар мен қираулар туралы хабарлама келген жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғывлым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, 18 қыркүйекте 01 сағат 37 минутта Қазақстан аумағында энергетикалық классы 11,3 болатын жер асты дүмпуі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы алматыдан шығысқа қарай 139 шақырымда болған.

Жер асты дүмпулерінің қуаты Алматыда екі балл, Саты және Құрам кенттерінде төрт балл болды. Құрбан болғандар мен қираулар туралы хабарлама келген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны