01.07.2013, 17:16 2842

Алматыда екі бірдей жолаушының өліміне себепші жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда дүйсенбіге қараған түні екі жолаушыны қағып кеткен "Тойота" көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр.

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда екі бірдей жолаушының өліміне себепші жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда дүйсенбіге қараған түні екі жолаушыны қағып кеткен "Тойота" көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр.

Қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының хабарлауынша, қайғылы оқиға шамамен түнгі сағат 2:55-те Момышұлы көшесінде болған.

"Белгісіз көлік Момышұлы көшесін рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен екі жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан олардың екеуі де сол жерде жан тапсырды. Ал, жүргізуші оқиға болған жерден қашып кеткен. Қазір жан-жақты іздеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

ЖПБ мәліметіне сүйенсек, жол апаты болған жерден күлгін түсті көліктің сынықтары, "Тойота" деген жазуы бар нөмір қаптамасы, қызыл түсті "Нокиа" телефоны табылған.

Жолаушыларды "Тойота" көлігі қаққанын растаған куәгер де бар көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны