22.07.2013, 13:18 5831

Алматыда екі ер адам бір әйел үшін жанжалдасып, соңы қайғылы аяқталды

Алматыда Түркісіб ауданындағы жеке сектордағы тұрғын үйдің кіре берісінде кеуде тұсының сол жағынан пышақ жарақатын алған 1986 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды,деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы. 22-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда екі ер адам бір әйел үшін жанжалдасып, соңы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда Түркісіб ауданындағы жеке сектордағы тұрғын үйдің кіре берісінде кеуде тұсының сол жағынан пышақ жарақатын алған 1986 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды,деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Түркісіб ІІБ қызметкерлері қылмысты жасағанын мойындаған 1973 жылы туған алматылықты құрықтады.

Ұсталған зардап шеккен адаммен бірге ішімдік ішкендерін, кейіннен бір әйел үшін жанжалдасып, төбелескендерін айтқан.Нәтижесінде ол қасындағы ер адамды пышақпен жайратып салған.

Зардап шеккен адамның денесін оның әріптесі тауып алған. Оның айтуынша, түнгі сағат бірлер шамасында оның әріптесі телефон соғып, өзін көршісі ұрып жатқанын айтып, сол жерге келуін сұраған.

96-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны