11.12.2009, 15:52 3662

Алматыда екі жігітті атып кетті

Алматыда екі жігітті атып кетті

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматының Алатау ауданында екі жігітті атып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ жедел басқару орталығына сілтеме жасап.

"Сағат 23.15-те "Қарасу" ықшамауданында Центральная көшесіндегі №2 үйдің жанынан 23-24 жастар шамасындағы екі жігіт оқ тиген күйінде ауруханаға жатқызылып, сол жерде қайтыс болды", - деп хабарлайды орталық.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнынан Макаров тапаншасының алты гильзасы алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны