17.09.2007, 09:18 1297

Алматыда екі жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды

Алматыда екі жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды.

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". Алматыда екі жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы агенттікке қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15 қыркүйекте Сейфуллин даңғылында "Хюндай", "Ауди -80" және "BMW" көліктері соқтығысты. "Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, қаладағы ауруханаларға жатқызылды. "Аты-жөні анықталмаған азиялық текті екі әйел оқиға орнында жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында "Мазда 626" және "ВАЗ 21063" көліктері соқтығысты. "Жол апаты салдарынан аты-жөні белгісіз, 25-30 жас аралығындағы азиялық текті жаяу жүргінші қаза тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Көліктердің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны