09.09.2008, 10:03 1346

Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Алмалы ауданында Төле Би және Байзақов көшелерінің қиылысында 8 қыркүйекте 08 сағат 10 минутта "Субару" көлігінің 64 жастағы жүргізушісі 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесімен Ил-Фараби даңғылының қиылысында 9 қыркүйекте сағат 00.50-де "Мерседес" және "Митсубиси" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны