27.01.2010, 10:13 1841

Алматыда екі жол апатынан екі жүргінші қаза тапты

Алматыда екі жол апатынан екі жүргінші қаза тапты

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда екі жол апатынан екі жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, Медеу ауданындағы Достық даңғылында 26 қаңтарда сағат 08.30-да КамАЗ қоқыс таситын көлігінің жүргізушісі 79 жастағы қарияны қағып кетті, ер адам жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, Иуезов ауданында 26 қаңтарда сағат 12.05-те "Мерседес" көлігінің жүргізушісі 69 жастағы ер адамды қағып кетті, ол жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны