26.02.2007, 09:56 1290

Алматыда екі жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда екі жол апатынан тоғыз адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25-ақпанда Иуезов ауданында 18 сағат 23 минутта "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі "Тойота" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Тойота" көлігінде отырған екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге 25 ақпанда Медеу ауданында 18 сағат 30 минутта "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі "Тойота" және "Мерседес" автокөліктерімен соғысты. Апат салдарынан бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны