17.06.2009, 10:04 1142

Алматыда екі жол апатынан төрт адам зардап шегіп, үш жасар бала қаза тапты

Алматыда екі жол апатынан төрт адам зардап шегіп, үш жасар бала қаза тапты

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол апатынан төрт адам зардап шегіп, үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Түріксіб ауданында 16 маусымда сағат 23.35-те Сүйінбай даңғылында "Мерседес" және "Мицубиси Делика" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан үш жасар бала қаза тапты.

Сондай-ақ, Иуезов ауданында 17 маусымда сағат 00.45-те Сайын және Ұлықбек көшелерінің қиылысында екі жедел жәрдем көлігі мен "Ниссан" және "Мерседес" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан төрт әйел ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны