30.04.2009, 11:48 3393

Алматыда ең бір ірі дүкеннің автотұрағында үш белгісіз оқ атты - телеарна

Алматыда ең бір ірі дүкеннің автотұрағында үш белгісіз оқ атты - телеарна

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні қаладағы ең бір ірі дүкеннің автотұрағында белгісіз үшеу адамдарға қарата оқ атты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Түнде қаладағы ең бір ірі дүкеннің автотұрағында белгісіз үш адам оқ жаудырды. Сауда орталығы күзетшілерінің айтуынша, бұзақылар полиция қызметкерлерінің куәліктерін көрсеткен. Атыс пен төбелес салдарынан үш адам зардап шекті. Сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, үш жігіт дүкенге қара көлікпен келген. Осындағы мейрамханада көңіл көтеруден кейін әлгілер дүкендегі әйнектерді сындырып, тұрақ бағанын құлатып, қашып кетпек болған. Оларды күзетші тоқтатқан. Күзетшілер мен бұзақылардың арасында төбелес шыққан. Осы сәтте олар оқ ата бастаған. Өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырған. Атыс салдарынан зардап шеккен үшеудің бірі иығынан жарақаттанып, ауруханаға түссе, қалған екеуі тамағы мен іштерінен жеңіл жараланған", - деп хабарлайды КТК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны