29.07.2013, 11:42 5821

Алматыда ер адам "БМВ" көлігінің астына түсіп қаза болды

Өткен сенбі күні Алматыда Сүйінбай даңғылы мен Богдан Хмельницкий көшесінің қиылысында адам өліміне соқтырған ЖКО орын алды, деп хабарлайды today.kz. тілшісі.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда ер адам "БМВ" көлігінің астына түсіп қаза болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен сенбі күні Алматыда Сүйінбай даңғылы мен Богдан Хмельницкий көшесінің қиылысында адам өліміне соқтырған ЖКО орын алды, деп хабарлайды today.kz. тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша "БМВ" жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан, сол уақытта жол үстіне рұқсат етілмеген жерден жаяу жүргінші шыға келген. Өкінішке қарай соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған. Соққының күшінен көліктің алдыңғы терезесі ғана сынып қоймай, төбесі де майысқан.

Жаяу жүргінші ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. "БМВ" жүргізушісі қолы сынған күйде ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаны жол полициясының қызметкерлері тергеуде. Жүргізуші жылдамдықты асырған болуы мүмкін деген болжам бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны