24.12.2008, 14:17 1995

Алматыда "Француз үйі" сауда үйіне тонаушылық жасау оқиғасының жолы кесілді

Алматыда "Француз үйі" сауда үйіне тонаушылық жасау оқиғасының жолы кесілді

Алматы. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Француз үйі" сауда үйіне тонаушылық жасау оқиғасының жолы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қылмыстың алдын алуға сол маңайдан өтіп бара жатқан жүргіншілер көмек болған. "Фурманов көшесін бойлай түнгі серуенге шыққан ерлі-зайыпты жұп сынған әйнектің дауысын естиді, бұрылып көз салған ер адам "Француз үйі" сауда үйінің сауда залында қозғалып жүрген көлеңкелерді көріп қалады ", - деп хабарлайды полициядағылар.

"Көз алдында ұрлық жасалып жатқанын сезінген олар ұялы телефонмен Алматы қалалық ІІД-іне хабар берген. Оқиға орнына 3 минуттан кейін "Боран" патрульдік экипажы келіп жетті. Күдіктілерді үркітіп алмау үшін тәртіп сақшылары дабылды да, маяктарын да қоспай үнсіз келген",- деп хабарлайды ІІД.

"Дүкенге кірген экипаж қызметкерлері ол жерден ер адамдар мен әйелдерге арналған әтірлерді бір пакетке толтырып салып алған екі жігітті ұстады", -дейді полицейлер.

Олардың хабарлауынша, 38 және 29 жастағы екі күдікті Алматыға Алматы облысының Талғар қаласынан келіпті. Екеуі де - жұмыссыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны