04.08.2006, 08:47 2664

Алматыда француз журналисі қасақана өлтірілді

АЛМАТЫ. 4-тамыз . Kazakhstan Today. Алматыда француз журналисі мерт болды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне "Иділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, сәрсенбі күні 16 сағат 30 минутта Алматыда жалға алынған пәтерде кісі қолыанн қаза тапқан француз журналисі Грегуар де Бургтың мәйіті табылған. Ол Қазақстанға "Форейн Аффейрс" халықаралық журналының тағайындауы бойынша елдің экономикалық дамуы жөнінде баяндама әзірлеуге келген.

Полиция қызметкерлері журналисті белгісіз біреулердің пайдакүнемдікпен қасақана өлтіргенін айтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, білікті құқық қорғаушылардан құралған жедел тергеу тобы құрылды. "Иділ сөз" таратқан ақпаратта қылмыстың бетін ашуға барлық амалдар қарастырылуда деп көрсетілген.

Осыған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 1-тамызында ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Алматыда қалалық полиция басшыларымен мәжіліс өткізіп, онда ауыр қылмыстың күрт өскеніне назар аударған болатын.(17,7%)

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны