22.01.2008, 11:05 1534

Алматыда газ балонының жарылысынан бір адам зардап шекті

Алматыда газ балонының жарылысынан бір адам зардап шекті

Алматы. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының Иуэзов ауданында газ балонының жарылысынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтері бойынша, бүгін сағат 2.49 жер үйлердің бірінде пайдалану техникасының тәртібі сақталмағандықтан, газ балоны жарылып, ауаға таралған газ қоспасы жанды. Өрт басқа жаққа таралмады ".

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, жарылыстың салдарынан бір әйел зардап шекті. Ол 3 дәрежелі күйікке ұшырап, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны